25
сентябрь
2024
4-сынып оқушылары арасында қауіпсіздік сабағы
№23 Тескентоған жалпы орта білім беретін мектебінде білім оқушылардың жолда жүру және дене шынықтыру сабақтарындағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 25-сентябрь күні пән мұғалімі Хамзаев Қанаттың ұйымдастыруымен 4-сынып оқушылары арасында қауіпсіздік сабағы өткізілді. Сабақ барысында оқушыларға спорт бөлмесіндегі және гимнастика, қозғалмалы ойындар, жеңіл атлетика сабақтарындағы қауіпсіздік ережелерінің сақталуы туралы түсіндіру жұмыстары өткізілді..
