29
апрель
2024
«Нашақорлық- ғасыр дерті» атты тәрбие сағаты
№23 Тескентоған жалпы орта білім беретін мектебінің 9 сынып оқушыларымен 2024 жылдың апрель айының 29-шы жылдызында «Нашақорлық- ғасыр дерті» атты тәрбие сағаты ұйымдастырылды. Тәрбие сағатының мақсаты: адамзат өміріне қауіп төндіріп отырған есірткінің, темекінің зиянын және улы екенін түсіндіре отырып саналыққа, салауатты өмірді таңдауға тазалыққа, лас істерден аулақ болуға жан сұлулығымен қатар тән сұлулығын сақтауға тәрбиелеу. Есірткі жайлы кеңінен мағлұмат бере отырып, Отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа, тазалыққа, денсаулыққа, баулу.

