30
апрель
2024
1 май мерекесіне арналған тәрбие іс-әрекеті өткізілді
30 апрель күні №23 Тескентоған ЖОББМ мектепалды сыныбында 1 май мерекесіне арналған тәрбие іс-әрекеті өткізілді.Мақсаты:1 май халықтар достығы мерекесі екені туралы,Қазақстанда көп ұлт өкілдері тұратыны туралы,әр ұлттың өз ұлттық құндылықтары бар екені туралы түсініктерін қалыптастыру, Отанды сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу.Іс-әрекет барысында балалар Қазақстанда тұратын басқа ұлт өкілдерінің ұлттық ерекшеліктерімен танысты, жаттаған өлең шумақтарын мәнерлеп оқыды, достық туралы әндер айтты, би биледі, көгершін құсын елімізге ізгі тілектерін білдіріп тілек ағашына қондырды.Сынып педагогі: Копбаева Д.А.
