16
январь
2024
«Менің ауылымның таңғажайып көрінісі» проект
№23 Тескентоған жалпы орта білім беретін мектебінде тәрбие бағытындағы жобалардың жоспарына сай 2024 жылдың 16 -ші январь күні 9-10-11 сынып білім алушыларымен «Менің ауылымның таңғажайып көрінісі » проект аясында іс-шара өткізілді. Мақсаты: Школьникам туған өлке , оның байлығы , алуан түрлі табиғаты туралы түсінік беру.Оқушылардың туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыра отырып , экологиясымен таныстыру.Табиғатты қорғай білуге ,аялауға үйрету.
10 сынып білімалушылары : «Жалпақ жұртыңды, Алашыңды құрметтеу, алдымен, өзің тұрған өлкенің тарихын, табиғатын танудан адамдарын ардақтаудан басталады»- демекші, туған жер – адам өмірінде киелі орын алады. Нақты осы жер оны елімен, өткенмен және болашақпен байланыстырады. Міне, сондықтан да тіпті балалық шақтан бастап-ақ бізде отанға деген махаббат сезімі оянады. Әрбіріміз үшін Отан ошақ басынан басталады: туған жер, туған ауыл, туған көше» - деп, туған ауылының табиғатынын таңғажайып суреті арқылы білдірді.
11сынып білімалушысы Маңызқызы Зере «Әркімнің туған жері – жерұйығы» дегендей әр адамға өз Отаны қашан да ыстық. Шыр етіп дүние есігін ашып, алғаш кіндік қаны тамған жер, сол адамның туған мекені болып табылады. Қайсы бір адам болмасын «туған жер» сөзімен намыс, күш, жігер, рух сынды қасиеттерді ұштастырады. Бала бесікте жатқаннан кең дүниені көзімен көріп өседі, туған жерінің топырағының иісін иіскеп, Отан сөзінің мәнін түсіне бастайтынын, өз жерінің, елінің салт-дәстүрлерін, әдет-ғұрыптарын бойына сіңісті етеді . Осының барлығы кейін атамекеніне деген сүйіспеншілік пен Отан алдындағы борышына деген патриоттық сезімінің бастамасы болатыны туралы айтып өтті.
Аталмыш іс шара жастарды Қазақстанның тарихына құрметпен қарауға, патриотизмге Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, сондай-ақ мақтаныш пен жауапкершілік сезімін арттырады деп есептейміз.