15
апрель
2025
"Менің мамандығым" тақырыбында кәсіпкер ата -аналармен кездесу
№23 Тескентоған жалпы орта білім беретін мектебінің 5-6 сынып оқушыларымен 14-ші апрель күні "Жұмысшы мамандықтар жылы: кәсіби бағдар - бүгіні мен болашағы " атты айлық аясында "Менің мамандығым" тақырыбында кәсіпкер ата -аналармен кездесу ұйымдастырылды. Кездесуге сиыр шаруашылығымен айналысатын еңбекқор кәсіпкер Сейітқамал Маңыз аға өз кәсібі туралы оқушыларға айтып беріп , еңбекқорлықтың , табандылықтың маңызын түсіндірді.Ол- асыл тұқымды сүтті сиырларды бағып, сауып, сүтін сатумен айналысады.Мақсаты:оқушыларға түрлі мамандықтар туралы түсінік беру, ата-аналардың өз кәсібі жайлы әңгімелеуі арқылы еңбекке құрметпен қарауға тәрбиелеу.Оқушылардың мамандықтар әлемі туралы түсініктерін кеңейту;
Ата-аналардың жұмыс тәжірибесімен бөлісуі арқылы кәсіби бағыт-бағдар беру.Оқушылардың қызығушылығы мен бейімділігін анықтауға көмектесу.Еңбекқорлық пен жауапкершілікке баулу.Мектеп пен ата-ана арасындағы байланысты нығайту.КББ педагогі: Ережепова М.