21
январь
2025
Тескентоған ауылдық амбулаториясына экскурсия
№23 Тескентоған жалпы орта білім беретін мектебінің 6 - сынып білім алушылары 21.01.2025жылы Тескентоған ауылдық амбулаториясына экскурсия жасады.Аймақтық медбике Амангельдиева Аяулым Айдарбекқызы медицина саласының қызығы мен қиыншылығы қатар жүретінін айтып ,оқушыларға түсіндіру жұмысын жасады. Мақсаты: Медициналық мекеменің жұмысымен және ондағы мамандардың қызметімен танысу.Медпункттің құрылымы ондағы жабдықтар мен олардың қызметі туралы мәлімет алу.Алғашқы көмек көрсету дағдыларын үйрену.Медицина саласына қызығушылықты арттыру және болашақ мамандық таңдауына ықпал ету.КББ педагогтері : Ережепова М, Абдибаева М
