№ 23 Тескентоған жобб мектебінде «Елдіктің жеті тұғыры» қағидаттарының маңызы талқыланды. » СШ№23 Тескен Тоган
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"№23 Тескентоған жалпы орта білім беретін мектебі"
Управления образования города Алматы
Приемная
+7(727) 265-46-89
Бухгалтерия
+7(727) 265-46-89
Версия для
слабовидящих
» № 23 Тескентоған жобб мектебінде «Елдіктің жеті тұғыры» қағидаттарының маңызы талқыланды.
30
ноябрь
2021

№ 23 Тескентоған жобб мектебінде «Елдіктің жеті тұғыры» қағидаттарының маңызы талқыланды.

№23 Тескентоған жобб мектебінде «Елдіктің жеті тұғыры» қағидаттарының маңызы талқыланды.
Кеңеске мектеп директоры Спанкулова.А, ДОТІЖО Амирова.Н, ДТЖО Абдрасилов.Ғ, мектеп психологы Абуталиева.А, әлеуметтік педагог Қыстаубаева.Қ, АӘД пәнінің мұғалімі Турабаев.Б қатысты.
 Мектеп директоры Спанкулова Айжан Рысказықызы жеті тұғырды еліміздің әрбір азаматына жеткізіп, болашақ ұрпақтың бойына сіңірудің маңыздылығын алға тартты.
«Елбасы бұл мәселелерді сонау алғаш Президент болған күннен бастап үнемі көтеріп келеді. 2017 жылы Тұңғыш Президенттің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы жарияланып, соның негізінде «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. Бұл бағдарлама еліміз үшін бір сілкініс болды. Себебі әр адам рухани жаңғыруды өзінен бастау керек. Баланы шыр етіп дүниеге келген күннен бастап дұрыс тәрбие беріп, ана тілін үйретіп, ұлттық құндылықтарымызды санасына сіңдіруіміз керек», – деді Кеңес төрайымы.
«Елдіктің жеті тұғыры» атты қағидаттар жиынтығында «Жер – ата-баба мұрасы, халық қазынасы» деген Елбасы оны болашақ ұрпаққа мирас ету – ортақ борышымыз екенін баса айтқан болатын.
«Есін жиып, етегін қымтаған елдің ең бірінші қолға алатын басты мәселесі – шекара шебін бекемдеу болатыны анық. Бұл тұрғыда Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев Тәуелсіздігіміздің алғашқы жылдарынан-ақ қимылдап, қайсарлықпен қайрат көрсетіп, мемлекеттік шекараны шегендеп, халықаралық келісім-шарттарды бекітіп алды. Сондықтан, Қазақстанның шекара мәселесін шешудегі ең басты нәтижесі – болашақ ұрпаққа бейбіт және тұрақты шекараны қалдыру. Көрші елдермен қалыптасқан жақсы қарым-қатынасты одан әрі дамыту және ынтымақтастықты ұлғайту.Кеңеске қатысушыларда «Елдіктің жеті тұғыры» қағидаттар жиынтығына қатысты өз ойларын ортаға салды.


Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив