"Қауіпсіздік ережелері" тақырыбында сынып сағаты
01.04.2024ж күні N 23 Тескентоған жалпы орта білім беретін мектебінде 3-сынып білім алушыларға кезектен тыс "Қауіпсіздік ережелері" тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Мақсаты: Білім алушыларды жер сілкінісі кезіндегі іс-әрекет тәртібімен, табиғи төтенше жағдайда психологиялық жағдайға қандай факторлар әсер ететіндігімен таныстыру. Білім алушыларға төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Төтенше жағдайлар кезінде өзін-өзі ұстау ережелері түсіндірілді.