25
желтоқсан
2025
Білім алушыларымен профилактикалық түсіндіру жұмыстары
№23 Тескентоған жалпы орта білім беретін мектебінде 2025 жылы сауда объектілерінде шығу тегі белгісіз, таңбаланбаған және қауіпсіздігін растайтын құжаттары жоқ тамақ өнімдерін сатып алу мен тұтынудың алдын алу мақсатында 7–11 сынып білім алушыларымен профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Түсіндіру барысында оқушыларға шығу тегі белгісіз тағам өнімдерінің адам денсаулығына төндіретін қауіптері: тағамнан улану, жұқпалы аурулардың таралуы, аллергиялық реакциялар, химиялық және микробиологиялық ластану қаупі туралы жан-жақты мәлімет берілді. Сонымен қатар, оқушыларға азық-түлікті тек сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаттары бар, заңды жеткізушілерден сатып алу қажеттігі, өнім таңбалауы мен сәйкестік туралы декларацияның маңыздылығы туралы мектептің әлеуметтік педагогы Қ.Қыстаубаева мен мед.бике А.Шалғынбаева түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Аталған іс-шара балалардың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз етуге және денсаулығын қорғауға бағытталды.