11
қазан
2024
«Сіздің талғамыңыз: дәрумендер немесе фасфуд?» тақырыбында дәрумендер мен фастфудтың зияны мен пайдасын білу
№23 Тескентоған жалпы орта білім беретін мектебінде "Дұрыс тамақтануды насихаттау және тамақтану мәдениетін қалыптастыру" он күндігінің жоспары бойынша 11.10.2024 күні 8 сынып білім алушыларымен «Сіздің талғамыңыз: дәрумендер немесе фасфуд?» тақырыбында дәрумендер мен фастфудтың зияны мен пайдасын білу мақсатында пікір-талас өткізілді. Пікір-таласта оқушылар фаст-фуд өнімдерінде пайдалы компаненттер өте аз,оны жейтін адамда витамин жетіспекшілігі болатыны туралы талқылады.Бұл тағамдарды тұрақты түрде пайдалану - гипертония ауруына,иммунитеттің төмендеуіне және созылмалы аурулардың асқынуына алып келетіні туралы да айтылды.Ал дәрумендердің адам өмірінде маңызы зор.Олар зат алмасу,өсу және даму,иммундық жүйені қолдау,энергия өндіру жәнн басқа да көптеген проуестерге қатысатын туралы айтылды. Бұл пікір-таластың оқушылар үшін маңызы зор болды.
Сынып жетекшісі А.Ниязбекова;
Медбике Қ.Бралиева.
Сынып жетекшісі А.Ниязбекова;
Медбике Қ.Бралиева.
