Адалдықтың тізгіні-ұрпаққа аманат » СШ№23 Тескен Тоган
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"№23 Тескентоған жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 265-46-89
Есепші бөлімі:
+7(727) 265-46-89
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Адалдықтың тізгіні-ұрпаққа аманат
19
қараша
2024

Адалдықтың тізгіні-ұрпаққа аманат

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты үшінші отырысында сөйлеген сөзінен
 Адалдық- бұл қоғамның іргетасы, әділеттіліктің және адамгершіліктің биік қойған тірегі. Қазақ халқы ұрпақтан ұрпаққа осы құндылықты дәріптеп, адалдықты аманат етіп қалдырған, адалдықтың туын жоғары ұстаған.Қазіргі жаhандану,жылдам өзгерістерге бейім кезеңде адалдықтың ,ашықтықтың маңызы бұрынғыға қарағанда ерекше күшке ие.Адалдық ұғымы тек күнделікті тұрмыспен шектелмейді,ол саясаттан бастап,экономикаға,білім беру жүйесіне дейін әсер етеді.Адал болу-адамның өзіне,өзгелерге,тіпті мемлекетке де адал қарым-қатынаста болу,адал қызмет,еңбек ету деген маңызды ұғым.Алайда,      адалдықтың ең маңызды тұсы-оның ұрпақтан ұрпаққа ешбір қиянатсыз жеткізілуі. Алайда, сыбайлас жемқорлық-қоғамның дамып, өркендеп өсу жолындағы ең ауыр кедергілердің бірі.Сол себептен сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу, онымен күресу, оның жолын кесу, ашықтықты насихаттау, адалдыққа бет бұру мемлекеттің және қоғамның басты міндетерінің бірі болып табылады.Сыбайлас жемқорлықтың негізгі себептері экономикалық теңсіздік, табысым төмен  деп сылтаулататын адамдардың заңсыз жолмен оңай пайда табуға бейімділігі. Мұндай заңсыз әрекеттерге жол бермеу үшін сыбайлас жемқорлықтың алдын-алуға бағытталған ағарту жұмыстары мен кешенді іс-шараларды күшейту және бұл шаралар тек мемлекет тарапынан ғана емес, барлық қоғам болып бірігуі қажет.Еліміздің заңғар жазушысы Мұхтар Әуезов «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» -демекші, ең алдымен біз адалдықты, парасаттылықты, ұлттық құндылықтарды, біртұтас тәрбиені үйретіп қана қоймай, барынша өз бойларына сіңіруді  балабақшадағы жас бүлдіршіндермен мектептегі болашақтың адал тізгінін ұстайтын оқушылардан бастауымыз керек. Әрине, осы бағытта жас ұрпақты адалдыққа тәрбиелеу мақсатында «Біртұтас тәрбие бағдарламасы»  аясында мектепте де бірқатар жұмыстар мен жобалар жүргізілуде. Атап айтар болсақ, «Адал ұрпақ», «Адалдық алаңы» жобалары аясында «Біз жемқорлыққа қарсымыз!», «Жемқорлықсыз адал ұрпақ!», «Адалдық-адамның әдемі келбеті» т.б  бірнеше оқыту мен ағарту  жұмыстары ( дөңгелек үстел, коучинг, тренинг, онкүндік, челлендж, суреттер байқауы, флешмоб, үздік эссе, үздік мақала, үздік шығарма, үздік тәрбие сағаттары, үздік презентация, үздік оқырман  байқауы т.б) жүргізіліп келеді. Сонымен қатар қоғам үшін қауіптің бірі-сыбайлас жемқорлықтың дендеуі  болып тұрған мәселе бойынша педагогтер мен ата-аналар  арасында да  бұл мәселе назардан тыс кенжелеп қалған емес. Үштік одақ арасында тығыз қарым-қатынас орнап бірнеше іс-шаралар ұйымдастырылып өтілуде. Осы індетпен мемлекет болып, бүкіл қоғам болып тынымсыз күресу мен алдын-алу шараларының нәтижесі оңды өзгеріс-жедел жетістікке алып келері сөзсіз. «Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ » деп қара қылды қақ жарып, турасын айтып әділдікке жүгінген халықтың ұрпағы бүгінгідей өз алдына ел болып, еңсесі биік адами капиталды, рухани құндылығы жоғары ұрпаққа адалдықтың тізгінін аманат етіп қалдыру біздің басты құндылығымыз бен міндетіміз деп білемін. 
 Спанкулова Айжан  Рысказыевна Жамбыл облысы, Меркі ауданы, Сұрат ауылдық         округі, Тескентоған ауылы № 23 Тескентоған жалпы орта білім беретін мектебінің директоры
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив