2023 жылдың 24-26 сәуірінде М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік
2023 жылдың 24-26 сәуірінде М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті оқу орнының құрылғанына 65 жыл толуына орай және «Педагогикалық сыныптарды оқыту бағдарламасының» қорытынды кезеңін өткізу мақсатында «МЕН ПЕДАГОГ МАМАНДЫҒЫН ТАҢДАЙМЫН!» атты Республикалық педагогикалық олимпиадасы өткізілді. Мақсаты - Жаңа Қазақстан жағдайында үздіксіз педагогикалық білім беру жүйесін жаңғыртуда педагогикалық кадрлардың дайындық сапасын арттыру мақсатында педагог мамандығына талантты түлектерді тарту.