20
наурыз
2025
“ Ойната отырып, ойлы бала тәрбиелейміз” тақырыбында аудандық семинар өткізілді
Меркі ауданының білім бөлімінің жоспарына сай 2025-жылдың 19 наурыз күні №23 ЖОББМ базасында мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтері мен мектепалды сынып педагогтеріне арналған “ Ойната отырып, ойлы бала тәрбиелейміз” тақырыбында аудандық семинар өткізілді. Семинардың мақсаты: Мектеп жанындағы шағын орталық жұмысының іс-тәжірибесімен таныстыру. Мектепке дейінгі ұйым педагогтеріне және мектепалды дайындық сыныбы педагогтеріне ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде жасанды интеллект платформаларын ойын түріндегі элементтерін тиімді қолдану бойынша әдістемелік көмек көрсету. Семинар барысында №23 Тескентоған ЖОББМ мектеп алды сынып педагогы Копбаева Д.А Математика негіздерінен «Ұлттық құндылықтарды дәріптеуге негізделген ойындарды тиімді пайдалану» тақырыбында, мектеп жанындағы «Батыр» шағын орталығының тәрбиешісі Тукенова Г.Т «Сиқырлы математика» тақырыптарындағы ұйымдастырылған іс-әрекеттері ұсынылды. Шағын орталық тәрбиешілерінің : Асилова С. Райфқызы Р. Исатай Г «Ойын-ойға жетелейді» тақырыбындағы шеберлік сыныбында тәрбиешілердің іс-әрекет барысында қолданып жүрген ойын атрибуттарынан көрме көрсетіліп, әр ойынның ойнау шарттары түсіндірілді. Сонымен бірге Мақсұт Жылысбаев атындағы №14 ЖОББМ мектеп алды сынып педагогі Нагимова А.Б «Қауіпсіздік ережелерін сақтайық», №22 ЖОББМ мектеп алды сынып педагогі: Бегалиева Ж. Б «Сандар әлеміне саяхат» тақырыбындағы оқу іс-әрекеттеріндегі жасанды интеллектіні қолдану іс-тәжірибелері аудан педагогтеріне таратылды. Аудандық семинар қатысушыларына шағын орталық әдіскері Елшібекова Э.Б тақырып аясында баяндама жасады. Семинар соңында әдістемелік семинар бойынша қатысушылары QR арқылы кері байланысберді. «Батыр» шағын орталығының тәрбиеленушілерінің шағын концертін тамашалап, семинар ұйымдастырушыларына алғыс білдірді