14
наурыз
2025
"Наурызнама онкүндігі" күнтізбесі аясында жүзеге асырылатын іс-шаралары
№ 23 Тескентоған жалпы орта білім беретін мектебінде ағымдағы жылдың 14 наурыз күні "Наурызнама онкүндігі" күнтізбесі аясында жүзеге асырылатын іс-шаралары тізбегі өзінің бастауын алды. Бұл күні Көрісу күні - Амал мерекесіне орай іс-шарасы ұйымдастырылып, аталып өтілді. Ықылым заманнан бері бабаларымыз бұл күнді "Амал келді, жыл келді" деп ерекше қуанышпен қарсы алған. Дәстүр бойынша қыстан аман шыққан халқымыз осы күні төс қағыстырып, көрісетін болған. Көрісу күні бақ- берекеге бастап, еліміз аман,жұртымыз тыныш болсын, жылдан-жылға аман- есен жетейік!