29
қазан
2024
6 сынып ата аналарына оқушылардың әлеуметтік желілерді және ғаламтордағы түрлі ойындарды шамадан тыс қолдануының алдын ал
29.10.24 ж №23 Тескентоған жалпы орта білім беретін мектебінің 6 сынып ата аналарына оқушылардың әлеуметтік желілерді және ғаламтордағы түрлі ойындарды шамадан тыс қолдануының алдын алу үшін түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Ата-аналарға балалардың әлеуметтік желілер мен онлайн ойындарда қандай қауіптерге тап болуы мүмкін екені, соның ішінде кибербуллинг, агрессивті ойындар және зиянды контент туралы ақпарат түрлері туралы ақпараттармен таныстырылды. Балалардың интернетте өткізетін уақытын бақылауға, белгілі бір қосымшаларды шектеуге арналған бағдарламалар мен құралдар туралы кеңестер берілді. Ата-аналар балаларының ұялы телефондарын (Whatsapp чаттарын, әлеуметтік желілердегі парақшаларын инстаграм, тик ток, телеграмм каналдарын) тексеріп, кері байланыс алынды.
Сынып жетекшісі: Ж.Наурызбаева
Сынып жетекшісі: Ж.Наурызбаева
