10
қыркүйек
2024
ҰБТ ережелерімен таныстыру мақсатында ата-аналар жиналысы
2024 жылдың 10- қыркүйек күні 11-сынып ата-аналарымен қорытынды аттестаттау және ҰБТ ережелерімен таныстыру мақсатында ата-аналар жиналысы өткізілді.Жиналыста күн тәртібіндегі ҰБТ ережесі және қорытынды аттестаттау кезінде тапсыратын пәндердің тапсырмалары мен пәндер туралы ДОІЖО Амирова Н түсінік жұмыстарын жүргізді. Қорытынды аттестаттау кезінде 11-сынып оқушылары математика пәнінен бақылау жұмысы,қазақ тілінен эссе,орыс тілінен жазбаша тапсырмалар ал қазақстан тарихы пәнінен ауызша емтихан, таңдау пәнінен жазбаша тапсырмаларды орындайтыны туралы айтылып өтті.ҰБТ ережесінде таңдау пәндері басты назарда болатыны және таңдау пәндері 100 балл құрайтынын және оқу сауаттылығы,қазақстан тарихы,математикалық сауаттылық пәндері 40 балл құрайтыны,әр оқушының осы жылы таңдаған мамандықтарының пәндер комбинациясына сәйкес келетіні туралы түсінік жұмыстары жүргізілді.
Сынып жетекшісі:Нұрмаханова.Б
Сынып жетекшісі:Нұрмаханова.Б
