2023-2024 оқу жылынан бастап негізгі орта (5-8 сыныптар), жалпы орта (10 сынып) білім беру деңгейінде академиялық жыл аяқталған соң қазақ тілінде оқытатын мектептерде «Қазақ тілі» пәні бойынша аралық аттестаттау өткізу туралы таныстыру.
2023-2024 оқу жылынан бастап негізгі орта (5-8 сыныптар), жалпы орта (10 сынып) білім беру деңгейінде академиялық жыл аяқталған соң қазақ тілінде оқытатын мектептерде «Қазақ тілі» пәні бойынша аралық аттестаттау өткізу туралы таныстыру жұмыстары жүргізілді.
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім беру комитеті (бұдан әрі – Комитет) «Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларының 35-тармағына сәйкес 2023-2024 оқу жылынан бастап негізгі орта (5-8 сыныптар), жалпы орта (10 сынып) білім беру деңгейінде академиялық жыл аяқталған соңқазақ тілінде оқытатын мектептерде «Қазақ тілі» пәні бойынша және қазақ тілінен басқа тілде оқытатын мектептерде «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні бойынша емтихан тапсыру қарастырылғанын хабарлады.Білім алушыларды аралық аттестаттау - білім алушылардың оқу аяқталғаннан кейін бір оқу пәнінің бір бөлігінің немесе бүкіл көлемінің мазмұнын игеру сапасын бағалау мақсатында жүргізілетін рәсім. Аралық аттестаттау мақсаты- білім алушылардың «Қазақ тілі», «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәндері бойынша оқу бағдарламасының көлемін меңгеру деңгейін негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты (бұдан әрі – МЖМББС) талаптарына сәйкес бағалау. Аралық аттестаттаудың міндеті: білім алушылардың білім берудің келесі деңгей материалдарын игеру дайындығы мен функционалдық сауаттылықтарының қалыптасу деңгейлерін бағалау. Емтихан қазақ тілінде өтеді. Бағалау критерийлері құрастырылатын тапсырмаларға қарай мұғалімдер тарапынан жасалады. Емтихан тапсырмаларын құрастыруда мүмкіндігінше төрт дағды қамтылады.Емтихан сұрақтарын емтихан алушы педагог құрастыратыны айтылды.

