24
ақпан
2025
"ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы білім беру жүйесі мен ғылым" атты ашық сабақ
№23 Тескентоған жалпы орта білім беретін мектебінің 8 сынып білім алушыларымен ақпан айының 24-ші жұлдызында "Қоғамдық-гуманитарлық пәндер" айлығы барысында Қазақстан тарихынан "ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы білім беру жүйесі мен ғылым" атты ашық сабақ өткізілді. Мақсаты: Кеңес дәуіріндегі қазақ тілінің ахуалын анықтау. ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы білім мен ғылым саласындағы өзгерістерді талдау. Ашық сабақ барысында "Ақылды пазл" "Тарсия" әдісі арқылы топтық жұмыс жүргізілді. "Талдаушы" әдісі арқылы жұптық жұмыс жасалынды. Жеке жұмыс бекіту тапсырмалары "wordwaii" платформасы арқылы жүргізілді. Сабақ барысында білім алушылар өте белсенді болып, берілген тапсырмаларға тиянақты жауап беріп отырды. Сабақ өте тиімді, жүйелі өткізілді. Тарих пәнінің мұғалімі: Д:Доганбаева.
