Іс-шаралар » Страница 105 » СШ№23 Тескен Тоган
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"№23 Тескентоған жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 265-46-89
Есепші бөлімі:
+7(727) 265-46-89
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Домбыра үні" үйірмесінен "Не пайда" термесі
05
ақпан
2024
"Домбыра үні" үйірмесінен "Не пайда" термесі
N23 Тескентоған жалпы орта білім беретін мектебінде 05  - ақпан  күні 5 және 10 сынып білім алушылары "Домбыра үні" үйірмесінен "Не пайда" термесін домбырамен  ойнауды  үйренді. Мақсаты: білім алушыларды халық музыкасын,мәдениеті мен өнерін танып білуге,оның ішінде халық әндерін,қазақтың жыр-термелерін  бойына сіңіре білуге дағдыландыру. Үйірме жетекшісі : Абдибаева Мөлдір
Қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пән бірлестігінің кезектен тыс отырысы
05
ақпан
2024
Қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пән бірлестігінің кезектен тыс отырысы
05.02.2024 жылы №23 Тескентоған жалпы орта білім беретін мектебінде қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пән бірлестігінің кезектен тыс отырысы өтті.  Білім алушылардың " Қазақ тілі" және қазақ тілінді емес сыныптарда "Қазақ тілі мен әдебиеті " пәндерінен 5-8,10 сыныптарда аралық аттестаттау ерекшеліктері тақырыбында таныстырылым жүргізілді.  Әдістемелік бірлестік жетекшісі: Шинасилова Жанар Жұматайқызы аралық аттестаттаудың өтілу барысын, ерекшеліктерін түгел түсіндіріп шықты. Қазақ тілі пән
№23 Тескентоған жалпы орта білім беретін мектебінде 5 ақпан күні "Мектеп медиациясы" жобасы аясында 15 минутты үзіліс кезінде "Досыма хат" тақырыбында тренинг өткізілді. Мақсаты: Оқушылардың достық туралы ұғымын кеңейту және нақтылау.
05
ақпан
2024
№23 Тескентоған жалпы орта білім беретін мектебінде 5 ақпан күні
№23 Тескентоған жалпы орта білім беретін мектебінде 5 ақпан күні "Мектеп медиациясы" жобасы аясында 15 минутты үзіліс кезінде "Досыма хат" тақырыбында тренинг өткізілді. Мақсаты: Оқушылардың достық туралы ұғымын кеңейту және нақтылау. Достарға деген қарым-қатынасты қалыптастыру, достықты қадірлей білу, бір-біріне көмек көрсету және қамқор болуға үйрету. Қатысып отырған оқушылардың өз ойларын ашу. Қарым-қатынас жасауға көмектесу. Қарым-қатынас дағдысын қалыптастыру.  
Мектепалды сыныбында "Мақал сөздің азығы, жұмбақ ойдың қазығы"тақырыбы
02
ақпан
2024
Мектепалды сыныбында "Мақал сөздің азығы, жұмбақ ойдың қазығы"тақырыбы
2 ақпан күні Тескентоған ЖОББМ мектепалды сыныбында "Мақал сөздің азығы, жұмбақ ойдың қазығы"тақырыбында ұйымдастырылған іс-әрекет өтті.Мақсаты: ата-бабамыздаң қалған өсиет сөздер арқылы адамгершілікке әділдікке еңбексүйгіштікке ұқыптылыққа тәрбиелеу.Ойын нақты жеткізе білуге,сөз өнері арқылы тілдерін дамыту, дүниетанымын кеңейту.
«Нәтижеге бағытталған әдістемелік көмек» айлығының іс-шаралар жоспары
01
ақпан
2024
«Нәтижеге бағытталған әдістемелік көмек» айлығының іс-шаралар жоспары
№23 Тескентоған  жоббм 01 ақпан күні  білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингіне дайындық жүргізуге арналған «Нәтижеге бағытталған әдістемелік көмек» айлығының іс-шаралар жоспарына сәйкес  қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ж.Шинасилова мен география пәні мұғалімі Ж.Наурызбаева «ББЖМ-де қиындық тудырған тақырыптарға дайындау жолдары» тақырыбында семинар-практикум өткізді.
«Үш тұғырлы тіл – заман талабы» тақырыбында қазақ,орыс, ағылшын тілдер айлығының ашылу салтанаты
01
ақпан
2024
«Үш тұғырлы тіл – заман талабы» тақырыбында қазақ,орыс, ағылшын
№23 Тескентоған жалпы орта білім беретін мектебінде ақпан айының 1-і күні «Үш тұғырлы тіл – заман талабы» тақырыбында қазақ,орыс, ағылшын тілдер айлығының ашылу салтанаты өткізілді. Мақсаты:Білім алушыларды қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілдерінде пәнге деген қызығушылығын арттыра отырып сөздік қорын, сөйлеу мәдениетін, ойлау мәдениетін және тіл байлығын жетілдіру. 11 сынып білім алушысы Смайлова Айгерім баяндама оқыды. 5-6 сынып білім алушылары Ағылшын елі, 7-8 сынып Орыс елі, 9-10 сынып
1-сыныпта "Ұрлық түбі-қорлық"тақырыбы
30
қаңтар
2024
1-сыныпта "Ұрлық түбі-қорлық"тақырыбы
N23 Тескентоған жалпы орта білім беретін мектебінде 1-сыныпта "Ұрлық түбі-қорлық"тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.  Мақсаты:Білім алушыларға біреудің затын рұқсатсыз алмауғаұрлықтан аулақ болуға тәрбиелеу
"Ұлы дала даналығы" клубы жобасының жоспары
30
қаңтар
2024
"Ұлы дала даналығы" клубы жобасының жоспары
№ 23 Тескентоған жалпы орта білім беретін мектебінде 30 қаңтар күні "Ұлы дала даналығы" клубы жобасының жоспары бойынша өткізілген кезекті 15 минуттық үзілісте оқушылар Əбіш Кекілбаевтың поэма,өлеңдерін мəнерлеп жатқа айтты. Əбіш Кекілбаев -адам жанының шындығын танудың алуан түрлі тəсілін шеберлікпен игерген жазушы.  Мақсаты:  Білім алушылардың ұлттық құндылықтарын дамыта отырып ұлы тұлғаларына тəн қасиеттерін аша білуге баулу
«Интернет алаяқтық» және «Жолда жүру ережелері» тақырыбында мектеп инспекторы
30
қаңтар
2024
«Интернет алаяқтық» және «Жолда жүру ережелері» тақырыбында мектеп
№23 Тескентоған жалпы орта білім беретін мектебі Анықтама Күні:30.012024 жыл Мақсаты:Білім алушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. 7-11-сынып аралығында «Интернет алаяқтық» және «Жолда жүру ережелері» тақырыбында мектеп инспекторы полиция капитаны Оспанбеков Ерболат дәріс оқыды.Дәріске қатысқан 37 оқушы.Оқушылар мектеп инспекторларының дәрісін мұқият тыңдап,сұрақтар қойып және өз сұрақтарына жауап алды.Дәріс соңында мектеп инспекторы полиция капитаны Оспанбеков Ерболат оқушыларға кеңестерін
"Домбыра үні" үйірмесінен "Сәйгүлік" әнін  домбыраға салып ойнау
30
қаңтар
2024
"Домбыра үні" үйірмесінен "Сәйгүлік" әнін домбыраға салып ойнау
N23 Тескентоған жалпы орта білім беретін мектебінде 30 - қаңтар  күні 5  сынып білім алушылары "Домбыра үні" үйірмесінен "Сәйгүлік" әнін  домбыраға салып ойнауды  қайталап ,әнімен орындады. Мақсаты: білім алушыларды халық музыкасын,мәдениеті мен өнерін танып білуге,оның ішінде халық әндерін,қазақ әндерін бойына сіңіре білуге дағдыландыру. Үйірме жетекшісі : Абдибаева Мөлдір