№23 Тескентоған жалпы орта білім беретін мектебінде «Балдаурен» жазғы сауықтыру лагерінің жабылу салтанаты өтткізілді
2022 жылдың 15 маусым күні №23 Тескентоған жалпы орта білім беретін мектебінде «Балдаурен» жазғы сауықтыру лагерінің жабылу салтанаты өтті. Мектепте «Балдаурен» жазғы сауықтыру лагерінің 1 ауысымының жабылуына арналған концерттік бағдарлама өткізілді. Концерттік бағдарламада 1, 2 сынып оқушылары жаз туралы өлеңдер оқыды, мың бұралғанбиші қыздар билерін орындады, 1-4 сынып оқушылары көңілді әндер айтты, балалар бірігіп флешмоб биледі. 1 ауысым уақытында лагердің жұмысына белсенді қатысқан топтар мен балалар мақтау қағаздарымен марапатталды. Сонымен қатар, топтарға «Ең үздік», «Ең тапқыр», «Ең шапшаң», «Өте көңілді» атты номинациялар берілді. «Жас ұлан » тобының 19 демалушысын Меркі аудандық Тарихи өлкетану мұражайына саяхатпен жалғасын тапты.Туған өлкенің көрнекті жерлерін, ел үшін еңбегі ерен аталарымыздың ескерткіштерін аралау тағылымы мол шараны «Балдәурен» мектеп жанынан құрылған лагерь жетекшілері ұйымдастырды. Оқушылар көрнекті тұлға туралы сұрақтар қойып, суретке түсті. Еліне өлшенбес еңбегі сіңген тұлғалардың өз жерлестері екенін тағы бір мәрте естеріне түсіріп, көздеріне мақтаныш сезімі тұнды. Бұдан бұрын да мұражайға бірнеше рет демалушылар ойын алаңында демалып, түскі астарын ішіп, тәтті балмұздақтар таратылды. Шара өз мақсатына жетті.
Жазғы сауықтыру лагерінің 1 ауысымының соңғы күні өте көңілді және қызықты өтті.