19
қаңтар
2026
"Заң және тәртіп" айлығы аясында «Тәртіп пен заңды сақтау-жеке адамға да, қоғамға да, қажет» атты кездесу
19 қаңтар 2026 ж №23 Тескентоған жалпы орта білім беретін мектебінде "Заң және тәртіп" айлығы аясында «Тәртіп пен заңды сақтау-жеке адамға да, қоғамға да, қажет» атты кездесуге мектеп инспекторы Б.Касимов және Меркі АПБ УПИ полиция капитаны А.Ақылжанов қатысты. Мақсаты:балаларға тәртіп пен тәрбие ұғымдарының мәнін ашу,олардың өзара байланысын түсіндіру,үлкендерді сыйлауға, кішілерге қамқор болуға,жақсы мен жаманды ажырату ға,дұрыс әрекет жасауға және жауапкершілікке тәрбиелеу. Кездесуге қатысқан 37 оқушы.Оқушылар мектеп инспекторларының дәрісін мұқият тыңдап,сұрақтар қойып және өз сұрақтарына жауап алды.Дәріс соңында мектеп инспекторы Касимов Бекнұр оқушыларға кеңестерін айтып бұндай оқиғалардан аулақ болуға шақырды.