№ 23 Тескентоған жалпы орта білім беретін мектебінде 1-11 сыныптар арасында тұмаудың алдын алу іс-шаралар. » СШ№23 Тескен Тоган
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"№23 Тескентоған жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 265-46-89
Есепші бөлімі:
+7(727) 265-46-89
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » № 23 Тескентоған жалпы орта білім беретін мектебінде 1-11 сыныптар арасында тұмаудың алдын алу іс-шаралар.
09
желтоқсан
2025

№ 23 Тескентоған жалпы орта білім беретін мектебінде 1-11 сыныптар арасында тұмаудың алдын алу іс-шаралар.

      2025 жылдың 09 желтоқсан күні тұмаудың алдын алу мақсатында дәріс оқылды. Тұмау – ауа арқылы жұғатын жұқпалы аурулардың бірі. Ол әсіресе қыс мезгілінде кең таралады. Тұмаудың алдын алу үшін бірқатар сақтық шараларын сақтау қажет. Ең алдымен, жеке бас гигиенасын сақтау маңызды екені айтылды. Қолды жиі сабынмен жуу – вирустың ағзаға енуінен қорғайды. Сондай-ақ, адам көп жиналатын жерлерде бетперде тағу керек екені түсіндірілді. Бұл вирустың ауа арқылы жұғуына тосқауыл болады. Иммунитетті күшейту – тұмауға қарсы басты қорғаныс. Ол үшін дұрыс тамақтану, дәруменге бай тағамдарды тұтыну, таза ауада серуендеу және спортпен айналысу, сонымен қатар, тұмауға қарсы екпе салдыру – аурудың алдын алудың тиімді жолы. Жөтелу немесе түшкіру кезінде ауызды шынтақпен немесе майлықпен жабу керек. Бұл басқа адамдарға вирустың таралуын болдырмайтыны туралы да айтылды. 
Қолды жиі жуу – сабынмен немесе антисептикпен.  Бетперде тағу – көпшілік орында, әсіресе тұмау маусымында. Дұрыс тамақтану – дәруменге бай тағамдар иммунитетті күшейтеді. Дене белсенділігі – күнделікті қозғалыс иммун жүйесін жақсартады. Тұмауға қарсы екпе – жыл сайын егу ұсынылады. Адам көп жиналатын жерлерден аулақ болу – вирустың таралуын тежейді. Жеке гигиена сақтау – жеке сүлгі, ыдыс қолдану. Жөтелу, түшкіру әдебін сақтау – шынтаққа немесе майлыққа. Ауа алмасуын қамтамасыз ету – бөлмені жиі желдету. Физикалық белсенділікпен айналысу – спорт, серуен.  Оқушылар сұйықтықты көп ішу – ағзаның жұмысын жақсартатыны туралыақпарат алды.

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив