24
қараша
2025
"Энергияны үнемдеу - экологияны қорғау" тақырыбында тәрбие сағаты
#23 Тескентоған жалпы орта білім беретін мектебінің 11 сынып оқушыларымен қараша айының 24-ші жұлдызында "Энергияны үнемдеу - экологияны қорғау" тақырыбында тәрбие сағаты ұйымдастырылды. Мақсаты:
Оқушыларға энергия көздерінің (жарық, су, жылу, отын) табиғаттан алынатынын және олардың шектеулі екенін түсіндіру. Энергияны үнемдеу арқылы табиғатты қорғауға болатынын ұғындыру. Қоршаған ортаны таза сақтауға, табиғи ресурстарды дұрыс пайдалануға, экологиялық сауаттылыққа баулу. Балалардың күнделікті өмірде қарапайым үнемдеу дағдыларын қалыптастыру (шамды сөндіру, суды босқа ағызбау, тұрмыстық техниканы ұқыпты пайдалану т.б.). Сонымен қатар, табиғатқа жанашырлықпен қарап, жауапкершілік сезімін ояту. Сонымен қатар "Іс шараларда қауіпсіз ортаны сақтау сіздің әрекеттеріңіз" атты тақырыпта қауіпсіздік сабағы да өткізіді. Сынып жетекшісі: Доганбаева Д. А.