13
қазан
2025
Қандай ойын жақсы?" тақырыбында тәрбие сағаты
N 23 Тескентоған жалпы орта білім беретін мектебінде
1-сынып білім алушыларымен "Қандай ойын жақсы?" тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.
Мақсаты:
Оқушыларға ойын түрлері туралы түсінік беру, пайдалы және зиянды ойындарды ажырата білуге үйрету, ойын барысында достық қарым-қатынасты, бір-біріне сыйластықпен қарауды дамыту. Балалардың ой-өрісін кеңейтіп, денсаулыққа пайдалы ойын түрлерін таңдауға бағыттау.
Сабақ барысында қосымша 10 минуттық қауіпсіздік сабағы өткізілді.
Тақырыбы: "Біріктіруге болмайтын өнімдердің комбинациясы"
Мақсаты:
Оқушыларды дұрыс тамақтану мәдениетіне баулу, бір-бірімен үйлеспейтін тағам түрлерінің ағзаға зиянды әсерін түсіндіру. Денсаулықты сақтау үшін күнделікті өмірде дұрыс өнімдерді үйлестіріп қолдануға үйрету.
Қорытынды:
Тәрбие сағаты барысында оқушылар пайдалы және қызықты ойындар туралы өз ойларымен бөлісіп, ойынның денсаулыққа әсері жайлы мағлұмат алды. Сонымен қатар, қауіпсіздік сабағында балалар дұрыс тамақтанудың маңызын түсініп, қандай өнімдерді бірге қолдануға болмайтынын білді. Оқушылар белсенділік танытып, жаңа мәліметтерді ықыласпен қабылдады.