08
қыркүйек
2025
"Отбасы - бақыт мекені" тақырыбында тәрбие сағаты
08.09.2025ж күні №23 Тескентоған жалпы орта білім беретін мектебінде 10 сынып білім алушыларымен "Отбасы - бақыт мекені" тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Мақсаты: білім алушыларда отбасы құрудың негіздері мен моральдық және эстетикалық нормалары, ана мен әке рөлінің аспектілері туралы түсінік қалыптастыру, қазақ халқының отбасы құрудағы және оны сақтаудағы салт-дәстүрін насихаттау арқылы отбасы құндылықтарын сақтауға тәрбиелеу. Қазақстан Республикасының "Неке және отбасы" туралы кодексінің негізінде құқықтық сауаттылықты дамыту. Сынып жетекшісі: Умирбекова Роза.
