17
ақпан
2025
Серікбол Қондыбай еңбектерінде мифологиялық ұғымдардың лингвистикалық (әсіресе этимологиялық) жағынан қарастырылуы ғалымның ғылыми ерекшелігі» тақырыбы
№23 Тескентоған жоббм 2025 жылдың 17 ақпан күні қазақ даласының ұлы перзенті, қазақтың өлкетанушы, географ, публицист, этнограф - ғалымы «Серікбол Қондыбай еңбектерінде мифологиялық ұғымдардың лингвистикалық (әсіресе этимологиялық) жағынан қарастырылуы ғалымның ғылыми ерекшелігі» тақырыбында 9-11 сынып оқушыларымен дөңгелек үстел ұйымдастырды. Серікбол Қондыбай (1968–2004) – қазақтың көрнекті географы, этнограф, публицист, мифология ғалымы, өлкетанушы. Ол ұлттық мифологиясын зерттеудің жаңа бағытын қалыптастырған ғалым ретінде танымал. Қондыбай Маңғыстау өлкесінің тарихы мен мәдениетін терең зерттеп, қазақтың байырғы танымындағы мифологиялық және географиялық ұғымдарды жаңғыртуға зор үлес қосты.
Ғалымның еңбектері қазақтың төл мәдениетін, мифологиясын, тарихи санасын жаңаша пайымдауға бағытталған. Оның «Арғықазақ мифологиясы», «Маңғыстау географиясы», «Қазақ мифологиясына кіріспе» сынды еңбектері ұлттық таным мен ғылыми қауымдастық үшін маңызды.
Дөңгелек үстел барысында оқушылар өз ойларымен бөлісіп, ғалымның мұрасын зертеуге қызығушылық танытты. Оның еңбектері қазақтың рухани-мәдени құндылықтарын түсінуге жол ашады. Ғалымның өмірі мен еңбектері, оның қазақ этнографиясы мен мифологиясына қосқан үлесі талқыланды. География пәнінің мұғалімі : Ж.Наурызбаева