19
қараша
2021
№23 Тескентоған ЖОББ мектебінде 19 қараша күні 1-сынып білім алушылармен "Жыр алыбы-Жамбыл" атты тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.
№23 Тескентоған ЖОББ мектебінде 19 қараша күні 1-сынып білім алушылармен "Жыр алыбы-Жамбыл" атты тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Жыр алыбы-Жамбылдың өмірі, ақындық таланты туралы, Жамбылдың шығармалары туралы айтылды.
Қазақтың қара өлеңін кие тұтқан, жүрегінің түбінен қайнап шыққан асыл жырларымен қалың жұртшылықтың махаббатына бөленген Жамбыл Жабаев175 жасқа толып отыр. Халық поэзиясының алыбы атанған Жамбыл атаның есімі дүние жүзі халықтарына кеңінен мәлім. Жамбыл ата жастайынан домбыра тартып, жыр жаттады, қазақ халқының сөз өнерін үйренді, кейін ақындығымен елге әйгілі жыршы атанды. Жамбыл ата екі заман тұсында өмір сүрді. Екі дәуірдің куәсі болған ақын өз көзімен көрген өмірдің бар шындығын жырлады. Білім алушылар Жамбыл атаның өмірінен үлгі алатындай көптеген мағлұматтар алды.