07
ақпан
2025
"Цифрлық әлемде қауіпсіз қадам" тақырыбында тәрбие сағаты
№23 Тескентоған жоббм 6 сынып оқушыларымен "Цифрлық әлемде қауіпсіз қадам" тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Мақсаты – оқушыларды интернетте және цифрлық технологияларды пайдалану кезінде қауіпсіздік шараларын сақтауға үйрету, олардың жеке мәліметтерін қорғау, киберқұқық бұзушылықтардан сақтану және интернеттегі қауіптерді дұрыс түсініп, алдын алу дағдыларын дамыту. Цифрлық әлемдегі қауіптерді таныстыру: Интернетте және әлеуметтік желілерде жеке ақпаратты жариялаудың қауіптері, алаяқтық, кибербуллинг, жеке мәліметтердің ұрлануы сияқты мәселелер туралы түсінік беру.
Сынып жетекшісі: Ж.Наурызбаева
Сынып жетекшісі: Ж.Наурызбаева
