04
қараша
2024
"Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес" айлығы аясында 6 сынып білім алушыларымен "Нашақорлық ғасыр дерті" тақырыбында сынып сағаты
№23 Тескентоған жоббм "Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес" айлығы аясында 6 сынып білім алушыларымен "Нашақорлық ғасыр дерті" тақырыбында сынып сағаты өтті. Мақсаты: Оқушыларға нашақорлықтың қоғамға және адам денсаулығына тигізетін зияны туралы түсінік беру, оларды зиянды әдеттерден сақтандыру және салауатты өмір салтын ұстануға баулу. Оқушыларды нашақорлықтан сақтандыру жолдары мен оның алдын алу шаралары туралы ақпараттандыру, өз денсаулығына және болашағына жауапкершілікпен қарау дағдыларын дамыту. Сынып сағаты барысында нашақорлықтан алыс болудың маңыздылығы және салауатты өмір салтының артықшылықтары түсіндіріліп, оқушыларға пайдалы ақпараттар берілді. Сынып жетекшісі: Наурызбаева Ж
