24
қазан
2024
"Күзгі каникул кезіндегі оқушылардың қауіпсіздігі" тақырыбында түсіндіру жұмыстары
24.10.24 ж. №23 Тескентоған жалпы орта білім беретін мектебінің 10 сынып білім алушыларының ата-аналарымен "Күзгі каникул кезіндегі оқушылардың қауіпсіздігі" тақырыбында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Күзгі каникул кезінде оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ата-аналарға жауапкершілік жүктеудің негізгі мақсаты - балалардың қауіпсіздігі мен амандығын қамтамасыз ету. Бұл кезеңде оқушылар мектептен тыс демалып, бос уақыттарын өткізетіндіктен, олардың қауіпсіздігін бақылау маңызды. Ата-аналар балалардың қайда жүргенін, немен айналысып жатқанын, қауіпті жағдайлардан алыс болуын қадағалап, жолда жүру ережелерін сақтауға, ғаламторда қауіпсіз болуды түсіндірілді және де оқушыларға осы аталған тақырыпта тәрбие сағаты үйымдастырылды. Сондай-ақ, білім алушылар күзгі каникулда өздерінің демалысын тиімді өткізу мақсатында мектеп кітапханасынан кітаптар алып оқуды жөн санады.
