24
қазан
2024
«Қазақ елі менің- Отаным” атты патриоттық мерекелік іс шара
№ 23Тескентоған жалпы орта білім беретін мектебінде ағымдағы жылдың 24-қазан күні мектебімізде бір тұтас тәрбие бағыты аясында 25-қазан Республика күніне орай «Қазақ елі менің- Отаным” атты патриоттық мерекелік іс шара өтті. Іс шара барысында мемлекеттік гимн орындалып, «Гүлдер » би тобы «Махамбет » биін билеп, «Атамекен», «Егемен ел», әндері хормен айтылды.Көркемдік жетекші Е.Сейітбеков пен кәсіби бағдар мұғалімі М.Абдибаева «Ерке сылқым» күйін орындап көпшіліктің көңілінен шықты.ҚР Президенті Қ-Ж.Тоқаев атап өткендей, «Республика күні елдің мемлекет құру жолындағы тарихи қадамының символына айналуы қажет. Республика күні – тәуелсіздігіміздің жаршысы, оған жол ашқан тарихи оқиғаны айғақтаушы күн. Сондықтан да біз үшін бұл мереке егемен ел болып ірге қалауымыздың белгісіне айналған тарихи күнді, ұлттық рухымыздың қайта түлеген сәтін еске салатын ерекше сипатқа ие».Бұл іс шараның мақсаты: «Жас ұрпақты Отанын сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, бай - қуатты ел екендігін мақтан етуге үйретіп, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, махаббат сезімін ояту; Отанын, туған жерін қорғай білуге, халқымыздың талантты ақындарының өлеңдері мен ата - бабаларымыздың өнгеге етіп қалдырған даналық сөздері арқылы оқушыларды ұлтжандылыққа, атамекенін көздің қарашығындай сақтай білуге, патриоттық сезімге тәрбиелеу болды .




