11
қазан
2024
«Төрт тоқсан-төрт өнер» Ұлттық мәдени-ағартушылық жобасы
№23 Тескентоған жалпы орта білім беретін мектебінде «Төрт тоқсан-төрт өнер» Ұлттық мәдени-ағартушылық жобасы аясында «Тәуелсіз елдің ақындары...» тақырыбында қазан айының тоғызы күні 9-10 сынып білім алушылары арасында жас ақындарға арналған танымдық кеш өткізілді.
Шараның басты мақсаты – жастардың патриоттық сезімін, туған жерге деген сүйіспеншілігін поэзия арқылы нығайту. Іс-шара жас дарындарды анықтау және қолдау, олардың өзін-өзі көрсету және дамыту алаңын ұсынуға бағытталған. Сонымен қатар, ұлттық дәстүрлер мен мәдениетті сақтау және насихаттау маңызды міндет болып табылады. Жас ақындардың төл туындыларымен қойылымдары, патриотизм мен ұлттық мәдениеттің түрлі аспектілеріне арналған тақырыптық бөлімдер болды. Іс-шараға білім алушылар белсене қатысып өздерінің ақындық өнерге деген қызығушылықтарын көрсетті. Жетекшісі: Шолпанбаева Перизат