16
қыркүйек
2024
"Мен және менің отбасым" атты тәрбие сағаты
№23 Тескентоған жалпы орта білім беретін мектебінің 10 сынып оқушыларымен қыркүйек айының 16-шы жұлдызында "Мен және менің отбасым" атты тәрбие сағаты өткізілді. Мақсаты: Отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық қатынастарын нығайту, ата-анасын сыйлай білетін азамат тәрбиелеу, отбасы құндылықтарын арттыру.
