«Бөтен мүлікті жасырын түрде жымқырту» тақырыбында Мектеп инспекторы Оспанбеков Ерболат дәріс оқыды
№23 Тескентоған жалпы білім беретін мектебі
Анықтама
Мерзімі:13.05.2024 жыл
- Мақсаты: Білім алушыларды адалдыққа, бөтенің заттарын тиспеуге тәрбиелеу.
7-11-сынып аралығында «Бөтен мүлікті жасырын түрде жымқырту» тақырыбында Мектеп инспекторы Оспанбеков Ерболат дәріс оқыды.Дәріске қатысқан 78 оқушы. Ұрлық – біреудің мүлкін көрсетпей жымқыру,алаяқтық – алдау, сенімге ену жолымен біреудің мүлкін жымқыру,тонау – біреудің мүлкін ашық жымқыру, иемденіп кету немесе талан-таражға салу – біреудің өзіне сеніп тапсырылған мүлкін жымқыру,қарақшылық – біреудің мүлкін жымқыру мақсатында адамның өмірі мен денсаулығына қауіпті зорлық-зомбылықпен шабуыл жасап тартып алу,қорқыту – біреудің мүлкін оған қоқан-лоққы жасау жолымен жымқыру.Сондай-ақ, билігін немесе қызмет бабын асыра пайдалану,бопсалау арқылы жымқыру түрлері де ұшырасатындығы туралы түсіндіріп өтті.Білім алушылар мектеп инспекторының дәрісін мұқият тыңдап,сұрақтар қойып және өз сұрақтарына жауап алды.Дәріс соңында Оспанбеков Ертолат оқушыларға кеңестерін айтып бұндай оқиғалардан аулақ болуға шақырды.