29
сәуір
2024
"Ұранды ердің - ұрпағы қайсар" тақырыбында тәрбие сағаты
№23 Тескентоған жалпы орта білім беретін мектебінде 29.04.2024ж 7 сыныпта "Ұранды ердің - ұрпағы қайсар" тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Мақсаты: Оқушыларға Ұлы Отанды сүюге, ерлік көрсеткен батырлардың бойындағы ержүректілік, отан сүйгіштік, ұлтжандылық қасиеттерін дәріптеу. Отанын, елін қорғай білуге тәрбиелеу.
