05
сәуір
2024
"Дүниежүзілік денсаулық күні" тұжырымдамасына орай мектеп оқушылары арасында "Денсаулық фестивалі" ұйымдастырылды.
№23 Тескентоған жалпы орта білім беретін мектебінде 7-сәуір "Дүниежүзілік денсаулық күні" тұжырымдамасына орай мектеп оқушылары арасында "Денсаулық фестивалі" ұйымдастырылды. Мақсаты: Оқушыларды патриотизмге тәрбиелеу және отансүйгіштік қасиеттерін қалыптастыру. Спорт ойындарын насихаттау және нашақорлықтан бас тарту, қозғалыс белсенділігін арттыру."Денсаулық фестиваліне қатысушылар мектеп алаңына сапқа тұрғызылып, Қазақстан Республикасының әнұранын орындаумен басталды. Мектеп медбикесі Құралай Бралиева оқушыларға "Спорт денсаулық кепілі" тақырыбында баяндама оқыды. Қатысушылар спорттың футбол, волейбол, тоғызқұмалақ, асық ойындары және эстафета 4х100 түрлерінен жарысқа түсті.
Өткізілген орны: Мектеп спорт залы және спорт алаңдары




Өткізілген орны: Мектеп спорт залы және спорт алаңдары




