19
наурыз
2024
ұрат ауылдық огругінің әкімі Д.Ж.Джантелеев мырзаның ұйымдастыруымен Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесіне «Наурыз – мерекем,наурыз – берекем!» атты
19 наурыз күні Сұрат ауылдық огругінің әкімі Д.Ж.Джантелеев мырзаның ұйымдастыруымен Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесіне «Наурыз – мерекем,наурыз – берекем!» атты Сұрат ауылы, № 19 Сыпатай Әлібекұлы атындағы жоббм, «Балалапан» балабақшасы, Аққайнар ауылы, Тескентоған ауыл тұрғындары мен № 23 Тесентоған жоббм ұжымымен үлкен көлемде мерекелік іс шара өтті. Ауыл әкімі ауыл тұрғындарын Наурыз мерекесімен құттықтап, қатысушыларға сәттілік тіледі. Аталған іс – шараға Тескентоған ауылының ата – әжелері , аға – жеңгелері , № 23 Тескентоған жалпы орта білім беретін мектеп ұжымы мен білімалушылары атсалысты.Іс – шара бағдарламасы бойынша «Дәстүр » би тобы «Махамбет » биін,№ 23 Тескентоған жббм ұжымы «Татар » биін билеп, көпшіліктің көңілінен шықты.Сондай- ақ бағдарлама бойынша «Қыз ұзату » дәстүрін көрсетіп, қазақ халқы үшін қыз ұзату тойының ерекшелігін,қызды туған жері бар салт-жоралғыларды сақтап, мүмкіндігінше үлкен той жасап берсе, қыздың барған жерде сыйы артады деген сенімін көрсетті.Сыңсу айтып,ел-жұрт, ағайын-туыс, құрбы-құрдастарымен, туып- өскен жерімен қоштасты.Үкі сыйлау ырымын көрсетті.Бұл дәстүрге сай, ұзатылған қыз өзінен кейінгі сіңлісіне немесе құрбы – құрдастарына үкі сыйлап,бұл “кезек сенікі, бақытыңды тап” дегенді білдіретінін айтып өттік.Сәукеле таққан, қияр-қимас қарасымен алаңдап тұрған қыз баланы жеңгелері қоштасу әнімен - сыңсумен шығарып салып, әділ қазылар алқасының әділ шешімімен жүлделі І – орынды иеленіп, 50000 мың теңге көлемінде сыйақы алып , дипломмен марапатталды. «Арқан тартыс» жарысынан Тескентоған ауылы мен мектеп ұжымы жүлделі ІІ –орынды иеленді. Береке бастауы бірлікте қағидасын ұстанған ұжымға, ауыл тұрғындарына, білімалушыларымызға алғысымыз шексіз.























