№23 Тескентоған жалпы орта білім беретін мектебінде 29 тамызында педагогикалық әдеп жөніндегі кеңесінің отырысы өткізілді.
№23 Тескентоған жалпы орта білім беретін мектебінде 29 тамызында педагогикалық әдеп жөніндегі кеңесінің отырысы өткізілді. Қатысқан мұғалімдер саны-28
Күн тәртібінде:
1.Педагогикалық этика және Кеңесті құру туралы ережені қарау және бекіту/кеңес төрайымы: А.Е.Сеитова
2. Педагогтардың кәсіби әрекетіндегі әдеп қағидаттарының маңызы /кеңес мүшесі : Ә.Қыстауова
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша педагогикалық әдеп кеңес төрайымы А.Е.Сеитова педагогикалық этика және Кеңесті құру туралы ережемен таныстырып өтті. Кеңестің негізгі міндеттері: білім беру ұйымдарында педагогикалық әдепті сақтауды қамтамасыз ету; педагогикалық әдепті бұзуға ықпал еткен себептер мен жағдайларды талдау; педагогтердің тәртіптік жауапкершілігі туралы мәселені дұрыс қарау үшін қажетті және жеткілікті мән-жайларды жан-жақты, толық және объективті зерттеу болып табылатындығы туралы айтылды.
Екінші мәселе бойынша кеңес мүшесі : Ә.Қыстауова /информатика пән мұғалімі/:
Өзінің кәсіби тұлғалық қасиеті өн бойынан көрініс табатын бірден-бір мамандық иесі – ұстаз мамандығы. Бауыржан Момышұлы «Ұстаздық – ұлық емес, ұлы қызмет» деп баға берген. Сондықтан да әр ұстаз, әр оқытушы, әр мұғалім, жалпы әр педагог ең алдымен, «Адамның адамгершілігі жақсы ұстаздан» деген Абай атамыздың мағыналы сөзіне сүйене отырып, ең бірінші кезекте адамгершілік белгілерінің басты шарттарын назарда ұстап, іскерлігі мен дағдыларының арқасында, баламен қарым-қатынас жасауда педагогикалық этика ережелерін басшылыққа алу керектігін назарға алуы тиіс екендігі айтылды.
Қорыта келе, құрметті кеңес мүшелері және кеңеске қатысушылар бүгінгі отырыста педагогикалық әдеп кеңесінің ережесі қаралды, ұстаздардың педагогикалық әдебі туралы да сөз қозғалды. Мұғалім өз ісіне адал қарауға міндетті. Сондықтан ұстаздарды өз әрекеттері үшін жауапкершілікті арттыруға шақырамын.