«Жасөспірімдер арасында ерте жүктіліктің алдын алу
№23 Тескентоған жалпы білім беретін мектебінде 13.02.2019 жылы «Жасөспірімдер арасында ерте жүктіліктің алдын алу» бойынша қыздар жиналысы болып өтті. Жиналысқа мектеп психологы Абуталиева Ақбота, медбике Бралиева Құралай, тәлімгер Ануарбекова Назира қатысты. Оқушыларға «Ерте жүктіліктің алдын алу» тақырыбында баяндама оқылды, слайд, бейнероликтер көрсетілді.