14
сәуір
2025
Мамандық таңдау – болашаққа нық қадам» тақырыбында 11 сынып оқушыларымен онлайн форматта кездесу
№23 Тескентоған жалпы орта білім беретін мектебінде сәуір айының 9-ы күні Тараз қаласындағы М.Х:Дулати университетінің профориентолог -психолог маманы -Саят Әлішеріқызымен Серпін – 2050 әлеуметтік жобасы аясында «Мамандық таңдау – болашаққа нық қадам» тақырыбында 11 сынып оқушыларымен онлайн форматта кездесу өтті. Кездесу барысында оқушыларға мамандық таңдаудың маңыздылығы, қазіргі еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандықтар, сондай-ақ Серпін – 2050 бағдарламасы аясында білім алудың мүмкіндіктері жөнінде жан-жақты ақпарат берілді. Мақсаты: Оқушыларға кәсіби бағыт-бағдар беру – әртүрлі мамандықтар туралы ақпарат ұсыну арқылы дұрыс таңдау жасауға көмектесу.Мамандық таңдаудың маңызын түсіндіру – болашақ өмір жолының, табыс пен бақыттың таңдаған мамандықпен тығыз байланысты екенін ұғындыру. Серпін – 2050 жобасы туралы ақпарат беру – жоба аясындағы мүмкіндіктерді (тегін білім алу, жатақхана, стипендия т.б.) түсіндіру.Өзін-өзі тануға жетелеу – оқушылардың қызығушылықтары мен қабілеттерін анықтауға көмектесу.Саналы таңдау жасауға шақыру – ата-ана, қоғам немесе орта әсерінен емес, өз арманы мен қабілетіне сай мамандық таңдаудың маңызын атап өту.КББ педагогі: Ережепова М.
