05
ақпан
2025
"Жүз жол -бірі сенікі" тақырыбында еңбек ардагерлерімен кездесу
05.02.2025жылы №23 Тескентоған жалпы орта білім беретін мектебінде "2025 жыл -Жұмысшы мамандықтар жылына " орай "Жүз жол -бірі сенікі" тақырыбында еңбек ардагерлерімен кездесу өткізілді.Кездесу кешіне мектебіміздің ардагер ұстаздары Аширбекова Нүриза Аширбекқызы мен Орманалиева Балзия Әбдібекқызы келді."Еңбек мұратқа жеткізер" -деп Ыбырай Жақаев атамыз айтқандай өз еңбектерінің жемісін көріп жүрген ардагер ұстаздарымызға бірқатар сауалдар қойылып, тәжірибелерімен бөлісіп , жастарға қандай мамандықты таңдауда неге назар аудару керек екендігін түсіндіріп өтті.Осы кісілердің тәжірибесімен кеңестері әрқайсымызға болашақта дұрыс шешім қабылдауға көмектеседі. Мақсаты:оқушыларға таңдаған мамандықтары туралы түсінік беру, қыр-сырларын меңгерту, оларды маман иелерімен таныстыра отырып,кәсіптік бағдар беру .Әр мамандықтың қызығы мен қиындығы болатындығын жете ұғындыру, ойлау қабілеті мен сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.Тұлғалық өсудің алғы шарттарын қалыптастыра отырып, елімізге өз үлесін қоса білетін адал маман иесі болуға тәрбиелеу.КББ педагогтері: Ережепова М Абдибаева М.
