02
қыркүйек
2024
«Бала қауіпсіздігі – басты назарда!» тақырыбында сынып сағаты
№23 Тескентоған жоббм 02.09.2024ж 6 сынып оқушыларымен «Бала қауіпсіздігі – басты назарда!» тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Мақсаты: балалар жарақаты мен оқыс оқиғалардың алдын алу бойынша балаларға өмір және жолда жүру қауіпсіздігі, мектеп қабырғасындағы қауіпсіздікті сақтау (мектеп ауласы, спорт алаңдары, кабинеттерде, баспалдақтарда) туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. «ЖЕКЕ ҚАУІПСІЗДІК» сабақтары бойынша «Жедел қызмет нөмірлері» тақырыбында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Мақсаты: жедел желі нөмірлерімен, алғашқы көмек көрсету негіздері және өрт болған жағдайда не істеу керек екендігі туралы ақпараттармен таныстырды. Сынып жетекшісі : Ж.Наурызбаева
