№23 Тескентоған жалпы орта мектебінде "Тиімді кері байланыс беру дағдысының әдістері"



№23 Тескентоған жоббм ағымдағы жылдың ақпан айының 28 күні қазақ тілі, орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын пәндері тілдер бірлестігінің аясында «Тиімді кері байланыс беру дағдысының әдістері» тақырыбында тәжірибе алмасу семинары өтті. Семинардың мақсаты:
Семинарға мектеп әкімшілігі мен пән мұғалімдері қатысты.
Кері байланыс ол –
Семинар бағдарламасына сәйкес «Алғыс шеңбері» атты психологиялық тренингтен басталды.


Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Умирбекова Роза «Сабақтағы тиімді кері байланыс» тақырыбында баяндама оқыды.


Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Наурызбаева Жадыра «Сказки Пушкина» және ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Ардабекова Іңкәр «Abai Qunanbaiuly» тақырыптарында панорамалық сабақтар көрсетті.




Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Шинасилова Жанар «Кері байланыстың түрлері мен ерекшеліктері» тақырыбында жаңа кері байланыс түрлерін таныстырылым арқылы көрсетсе, Нұрмаханова Балжан «Кері байланыстың түрлері мен ерекшеліктері» тақырынба жинағын ұсынды.

Семинар соңында «Білім қоржыны» рефлексия алынды. Семинарға қатысушы әріптестер семинардан өздеріне не алғанын және не ұсынарын жазып, айтып өтті. ДОТІЖО Амирова Назым семинарды қорытындылады. 
