21
қараша
2023
«Lesson Study әдісінің тиімділігі»
№23 Тескентоған жоббм 2023 жылдың 21 қараша күні жаратылыстану-математика пәндер бірлестігінің жетекшісі Ж.Наурызбаева пән мұғалімдерімен «Lesson Study әдісінің тиімділігі» тақырыбында мектепішілік семинар өтті. Мұғалімнің кәсіби білімін жетілдірудің ең бір тиімді әдісі бұл Lesson Study. Педагогтардың өзара ынтымақтастығын арттырып, көш соңында келе жатқан шәкіртті қатарға қосуды көздейтін әдістің тиімділігі туралы айтып, Lesson Study тобын құру, Lesson Study-дің мақсатын және күтілетін нәтижелерді айқындау. Таңдалған проблема ауқымын, теориялық мазмұнын ашу, мүмкін шешімдерін таңдау, сабақты бірлесе жоспарлау, оқушыларды бақылау, сабақтан кейін қалай сұқбат алу керектігі туралы таныстырып өтті. Семинар барысында пән мұғалімдері бірлесе отырып бірнеше тапысрмалар орындап, өз ойларын ортаға салып, ұсыныстарын айтты.














