12
қаңтар
2026
"Сыбайлас жемқорлықсыз болашақ " тақырыбында тәрбие сағаты
12.01.25ж №23 Тескентоған жалпы орта білім беретін мектебінде "Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында " 9-сынып білім алушыларымен "Сыбайлас жемқорлықсыз болашақ " тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Мақсаты: сыбайлас жемқорлықтың зиянды әсерін түсіндіру, қоғамда адалдық, әділдік және парасаттылық құндылықтарын насихаттау, жастарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске тарту, сондай-ақ, оларды жеке жауапкершілікке тәрбиелеу болып табылады.«Зиян келтіруі мүмкін ұсыныстарды нақты және батыл түрде қабылдамауды қалай үйренуге болады» 10 минут қауіпсіздік сабағы өткізілді. Мақсаты:Оқушыларға өзіне немесе өзгеге зиян келтіруі мүмкін ұсыныстарды тануды үйрету.
Қауіпті ұсыныстарға «жоқ» деп батыл және сыпайы түрде жауап берудің жолдарын меңгерту.
Өзін-өзі қорғауға және өз пікірін нақты айтуға тәрбиелеу.
жетекшісі:А.Ниязбекова.
Қауіпті ұсыныстарға «жоқ» деп батыл және сыпайы түрде жауап берудің жолдарын меңгерту.
Өзін-өзі қорғауға және өз пікірін нақты айтуға тәрбиелеу.
жетекшісі:А.Ниязбекова.