Материалы за 03.12.2025 » СШ№23 Тескен Тоган
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"№23 Тескентоған жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 265-46-89
Есепші бөлімі:
+7(727) 265-46-89
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Материалы за 03.12.2025
"Нашақорлық - ауыр індет, алдын алу міндет"
03
желтоқсан
2025
"Нашақорлық - ауыр індет, алдын алу міндет"
"Нашақорлық және мінез-құлық ауруларының алдын алу" тақырыбына орай  7-8 сыныптармен ДТЖО Ғ. Абдрасилов "Нашақорлық - ауыр індет, алдын алу міндет" атты тақырыпта түсіндіру жұмыстарын өткізді.  Мақсаты: Оқушының бойында салауатты өмір салтын берік қалыптастыру,зиянды нәрселерден аулақ болуға тәрбиелеу, нашақорлықтың алдын алу.
"Қатыгездік пен зорлық-зомбылық қарсымыз!"
03
желтоқсан
2025
"Қатыгездік пен зорлық-зомбылық қарсымыз!"
"Қатыгездік пен зорлық-зомбылық қарсымыз!" тақырыбында жиналыс өткізілді. Мақсаты: білім алушылардың қатыгездік пен немқұрайлықпен қарау проблемасына қоғамның назарын аудару. Бір-біріне мейірімді қарым-қатынасқа, мейірімділікке, жанашырлыққа тәрбиелеу. 
тегін тамақпен қамтылып отыр
03
желтоқсан
2025
тегін тамақпен қамтылып отыр
№23 Тескентоған жалпы орта білім беретін мектеп асханасында оқушылар ваучер арқылы тіркеліп, тегін тамақпен қамтылып отыр. Бұл жүйе тамақтануды тәртіпке келтіріп, әр оқушының нақты бақылауда болуын қамтамасыз етеді. 01.11.2025  күні 97 % оқушылар ваучер арқылы тіркеліп отыр.  Ваучер арқылы тіркеу – тиімді әрі әділ тетік, себебі ол тамақтанатын оқушылардың есебін жүргізіп, ысыраптың алдын алады. Сонымен қатар, ата-аналар мен мектеп әкімшілігі үшін де ыңғайлы бақылау құралы. Әлеуметтік педагог
"Мақта қыз  бен мысық"ертегісіне рөлдік-сахналық ойын
03
желтоқсан
2025
"Мақта қыз бен мысық"ертегісіне рөлдік-сахналық ойын
28 қараша 2025 ж # 23 Тескентоған ЖОББМ мектепалды сыныбында "Адал азамат"біртұтас тәрбие бағдарламасының "шабыт"жобасы аясында"Мақта қыз  бен мысық"ертегісіне рөлдік-сахналық ойын ұйымдастырылды.Мақсаты:балалардың сөздік қорын дамыту, анық,мәнерлі сөйлеуін жетілдіру,достарымыз еркін қарым-қатынас жасау дағдыларына үйрету,кейіпкерлер мінезін,мимикасын,іс-әрекетін әдемі жеткізе білу әдістеріне үйрету,өнерге қызығушылықтарын арттыру. Сынып педагогі:Копбаева Д.А.
қауіпсіздік ережелерін сақтау
03
желтоқсан
2025
қауіпсіздік ережелерін сақтау
Мектеп инспекторы Б. Касимов пен Е. Оспанбеков білім алушыларға жолда жүру ережелері, жаяу жүргіншілер мен көлік жүргізушілердің міндеттрі, қауіпсіз жүріс-тұрыс мәдениеті туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңызын атап өтті.