"Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз " тақырыбында тәрбие сағаты
N23 Тескентоған жалпы орта білім беретін мектебінде 13.01.25ж күні 8-сынып білім алушыларымен "Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз " тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Мақсаты: сыбайлас жемқорлықтың зиянды әсерін түсіндіру, қоғамда адалдық, әділдік және парасаттылық құндылықтарын насихаттау, жастарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске тарту, сондай-ақ, оларды жеке жауапкершілікке тәрбиелеу болып табылады. Сынып жетекшісі:А.Ниязбекова.