Материалы за Сәуір 2024 года » Страница 12 » СШ№23 Тескен Тоган
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"№23 Тескентоған жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 265-46-89
Есепші бөлімі:
+7(727) 265-46-89
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Материалы за Сәуір 2024 года » Страница 12
"Табысты түлек"тақырыбында ашық есік күні
05
сәуір
2024
"Табысты түлек"тақырыбында ашық есік күні
05.04.2024 жылы Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының №9 Меркі колледжінде кәсіптік бағадар беру мақсатында "Табысты түлек"тақырыбында ашық есік күні өтті. №23 Тескентоған жалпы орта білім беретін мектебінің 9 сынып оқушылары және ата-аналары экскурсия жасады. Мақсаты: Оқушыларға кәсіби бағыт-бағдар  беру және мамандық таңдауда дұрыс көзқарас қалыптастырып кәсіби мамандыққа деген қызығушылығын оятуға бағыт беру. №9 Меркі колледжі мамандары кездесу өткізіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
ББЖМ (білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингісі) нәтижелерін оқу
04
сәуір
2024
ББЖМ (білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингісі)
№23 Тескентоған жалпы орта білім беретін мектебінде 9-сынып білім алушыларымен 04.04.2024ж. күні сағат 9:15 те Zoom арқылы онлайн дәріс тыңдалды. Тақырыбы: ББЖМ (білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингісі) нәтижелерін оқу сауаттылығы бойынша қалай арттыруға болады? Мақсаты: білім алушылар ББЖМ кезінде мәтіннің  барлық жауап нұсқаларын міндетті түрде қарап шығып, жауап нұсқасын шатастырмауын жақсы түсінді. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Шинасилова Ж.Ж
Нашақорлық және мінез құлық ауруларының алдын алу
04
сәуір
2024
Нашақорлық және мінез құлық ауруларының алдын алу
№23 Тескентоған жалпы орта білім беретін мектебінде 2024 жылдың 1-30 сәуір аралығында нашақорлық және мінез құлық ауруларының алдын алу мақсатында бұйрық шығарылып, жоспары жасалынып, мектептің білім алушыларына таныстырылды. 
"Мың бала" ұлттық олимпиадасы
03
сәуір
2024
"Мың бала" ұлттық олимпиадасы
2024 жылдың 3 сәуір күні 6-сынып білім алушылары арасында "Мың бала" ұлттық олимпиадасының 1 кезеңі өтіп 10 оқушы өз білімдерін сынады. Олимпиада барысында әр бала олимпиада әлемімен танысып жаңа дағдыларды игеруге мүмкіндік алды.
“Терроризмге қарсы күрес” тақырыбында тәрбие сағаты
02
сәуір
2024
“Терроризмге қарсы күрес” тақырыбында тәрбие сағаты
N23 Тескентоған ЖОББМ 10 сынып оқушыларына 01.03.2024жылы “Терроризмге қарсы күрес” тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.  Мақсаты: Діни экстремизмге қарсы әрекет,терроризмге қарсы қорғаныс әрекеттері туралы ақпарттар беру. Сынып жетекшісі:Әбдіхалықова Айсұлу
«Шығармашыл өнер, танымал, аттас тұлғалар  апталығы»  жоба
02
сәуір
2024
«Шығармашыл өнер, танымал, аттас тұлғалар апталығы» жоба
№  23  Тескентоған жалпы орта білім беретін мектебінде 2024 жылдың 19 қаңтар күні 1-11 сынып білімалушылары арасында еліміздегі халықтың ыстық ықыласына бөленіп жүрген  талантты танымал азаматтарымызды өнегі тұту, өрнегі мол жырларын оқуға насихаттау, олардың өнегелі өмір жолдарын өскелең ұрпаққа өнеге тұтып, , еліне, жеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру мақсатында «Шығармашыл өнер, танымал, аттас тұлғалар  апталығы»  жоба аясында   танымал тұлғалармен аттас оқушыларымыз өздері дайындап
"Дені сау ұрпақ - ұлт болашағы " атты тәрбие сағаты
02
сәуір
2024
"Дені сау ұрпақ - ұлт болашағы " атты тәрбие сағаты
N23 Тескентоған жалпы орта білім беретін мектебінің  4 - сынып білім алушыларымен 1-ші сәуір күні "Дені сау ұрпақ - ұлт болашағы " атты тәрбие сағаты өткізілді. Мақсаты: денсаулықты сақтауға, тазалыққа,ұқыптылыққа,әдептілікке баулу,салауатты өмір салтын сақтауға тәрбиелеу.
Террористік сипаттағы  келеңсіз жағдайлардың алдын алу
02
сәуір
2024
Террористік сипаттағы келеңсіз жағдайлардың алдын алу
№23 Тескентоған жоббм  2024 ж  01 сәуір күні  Террористік сипаттағы  келеңсіз жағдайлардың алдын алу, табиғи апаттар орын алған кезде ( су тасқыны немесе сел жүру, жер сілкінісі) балалардың қалай әрекет ету керек екендігін түсіндіру мақсатында  1-11 сынып оқушыларымен бірыңғай   сынып сағаттары өткізілді.  Сынып сағаттары барысында  төтенше жағдайлар кезінде өзін-өзі ұстау ережелері түсіндіріліп, инструктаждар  жүргізіліп, әрекет ету алгоритмдері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.